«Kazzinc Holdings» ЖШС — Қазақстандағы ең ірі мырыш өндіруші «Казцинк» ЖШС-на инвестициялық және стратегиялық өндірістік жоспарлау, өндірістік операцияларды бақылау, компанияның беделі мен тиімділігін арттыру және қаржы институттарымен жұмыс істеу салысындағы басқару бойынша стратегиялық сипаттағы қызметтер көрсететін компания.

«Казцинк» компаниясы – мыс, асыл металдарды және қорғасынды қатар шығару үлесі үлкен, интеграцияланған ең ірі мырыш өндіруші. Компанияның негізгі кәсіпорындары Қазақстан Республикасының территориясында, көбінше Шығыс Қазақстан облысында орналасқан. Компанияның негізі 1997ж. Шығыс Қазақстанның үш негізгі активі: Өскемен қорғасын-мырыш, Лениногорск  поллиметал комбинаты, Зырян қорғасын комбинаттарының бірігуі арқылы қаланған. Мырыш өндірумен байланысты қызметінің негізгі бағытынан басқа, компанияның алтын өндірісіндегі маңызы артып келеді. Компания меншігіне жұмыс істеп тұрған сегіз шахта, үші ірі байыту комбинаты, қуаттылығы 675 МВт су электр станциясы және олардан біршама кішірек бірнеше теміржол активі енеді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі үш компанияның да негізгі меншік иесі болып табылған. Казцинктың акцияларының бақылау пакеті меншікті секторға сатылып, Glencore International AG 69,5% қатысу үлесін иеленіп компанияның басты инвесторына айналды. Топтың екінші қатысушысы 29% үлесі бар «Тау-Кен Самрұқ» Ұлттық тау-кен компаниясы» Акционерлік қоғамы болып табылады.

Құрылғанан бері өткен жылдардың ішінде Казцинк өндірістік қуаты мен өнім шығаруын едәуір арттырды. Компания дамуын жалғастырып, әлемдік мырыш өндірісі саласында өндіріске ең аз шығын шығаруымен үздік бестікке тұрақты кіруге ұмтылып келеді. Бүгінгі таңда ұлттық мырыш өндірісінің 80%-ы «Казцинк» ЖШС-ның үлесінде.

Үстіге
Яндекс.Метрика